- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елімізде жетім балалардың...
Елімізде жетім балалардың саны өскен
Бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Қазақстанда жетім балалардың саны өскенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, бүгінде елімізде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 115 мекеме бар. Онда 4 мыңнан аса бала тұрады.
"Жалпы Қазақстанда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 22 мың бала бар. Оның ішінде 17 мың бала қамқорлықта, патронаттық тәрбиеде және туыстарымен тұрады
Менің ойымша, жетім баладардың саны өсіп жатыр. Себебі, (елімізде) бір жылдың ішінде орташа есеппен 4 мың бала балалар үйіне немесе бейімдеу орталығына түседі. Ал биыл көрсеткіш 4 мыңнан асты", - деді Динара Зәкиева Jibek Joly телеарнасындағы "Уәде" бағдарламасына берген сұхбатында.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Есен