- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елімізде интернет арқылы...
Елімізде интернет арқылы 2 триллион теңгенің тауары сатылған
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанда электронды сауданың үлесі 12,5%-ға өсіп, 2 трлн теңгенің тауары интернет арқылы сатылғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министр электронды сауданың үлесі қарқынды өсіп жатқанын атап өтті.
"Бұл әлемдегі экономикалық өсімнің – жаңа драйвері. Оның географиялық шекарасы жоқ. Халықаралық сарапшылардың болжамынша, 2026 жылға қарай В2С (business to consumer) әлемдік нарықтағы үлесі 8,2 трлн доллар болады. Қазір бұл көрсеткіш – 5,7 трлн доллар деңгейінде немесе әлемдегі бөлшек сауда айналымының 19 пайызын алып отыр", - деді Арман Шаққалиев Мәжілістегі Үкімет сағатында.
Оның айтуынша, бүгінде қазақстандықтар 2 трлн теңгенің тауарын интернет арқылы сатып алған.
"Қазақстанда электронды сауданың көрсеткіші 12,5%-ға жетті немесе 2 трлн теңге болды (2022 жылдың қорытындысы бойынша 1 млрд 963 млн теңге). Интернет арқылы сатылатын негізгі тауарлар – киім мен аяқ-киім, үйге арналған тауарлар, азық-түлік, косметика және дәрі-дәрмектер.Электронды сауданың қазақстандық экожүйесін дамыту үшін көлік-логистика инфрақұрылымын, курьерлік қызметтерді жақсарту, қағазсыз сауданы енгізу және халықтың цифрлық сауатын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді министр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы