Елімізде ең төменгі жалақы мөлшері көтеріледі

Елімізде ең төменгі жалақы мөлшері көтеріледі
Фото: Tengrinews.kz

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Massaget.kz.

Президент Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін арттыруды тапсырды.

«Мен Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын. Осы міндет келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылуға тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, қабылданатын шара 1,8 миллион адамның табысын арттыруға ықпал етеді. Олардың қатарында бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкер бар.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай
Logotype Massaget