Бүгін KASE валюталық нарығының кешкі сессиясында доллар бағамы тағы да көтерілді.
АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 281,27 теңгені, сауда-саттық көлемі – 11 200 мың АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды AlmatyNews АА-нің тілшісі қор биржасына сілтеме жасай отырып.
Сауда-саттыққа KASE валюталық нарығының 12 мүшесі қатысты.
Айта кетейік, доллар бағамы таңертен 280 теңгені құраған болатын. Ал, екі күн бұрын АҚШ доллары екі теңгеге арзан болған.
Дереккөз: nur.kz