Елімізде демалыс күндері қар жауып, боран тұрады, − деп хабарлайды "Қазгидромет" кәсіпорны.
"Исландияда қалыптасқан циклон Қазақстан ауа райына айтарлықтай әсер етеді. Осы циклонға байланысты республика аймағында жылы әрі ылғалды ауа ағыныны қалыптасады", − деді метеорологтар.
Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері еліміздің барлық облысында қар жауып, боран соғып, батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 25 метр болады. Сонымен қатар,ауа температурасының жоғарылауы да күтіледі. Республикамыздың оңтүстігі пен оңтүстік-шығысындағы кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-25 метр болатын жел тұрып, тұман, көктайғақ болады. Бұл жерлерде ауа температурасы төмендейді.
Дереккөз: Tengrinews.kz