Елімізде бай әйелдер ажырасып, табысы артқан ерлер үйленіп жатыр

Елімізде бай әйелдер ажырасып, табысы артқан ерлер үйленіп жатыр
Фото: orinfo.ru

Қазақстанда жалақысы жоғары ерлер үйленеді, ал жалақысы көп әйелдер ажырасудан көш бастап тұр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2021 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасының BNS ASPiR жаңадан жарияланған мәліметтеріне сәйкес, айлық табысы 1 миллион теңге және одан жоғары ерлердің 82 пайыз-ның отбасы бар.

Табысы нөлден 1 миллион теңгеге дейінгі еркектердің 63 пайыз үйленген. 250-ден 300 мың теңгеге дейінгі табысы бар ерлердің 71 пайыз отбасы бар.

Ауқатты ерлердің 3 пайыз ғана ажырасуға шешім буады екен. Қалғандары үшін бұл көрсеткіш - 4,5 пайыз.

Қазақстандық әйелдер ше?

Әйелдер бөлігіне келетін болсақ, табысы жоғары әйелдер де жиі тұрмысқа шығады, олардың үлесі 70,5 пайыз. Табысы төмен әйелдер үшін бұл көрсеткіш - 59 пайыз. Табысы 250-ден 300 мың теңгеге дейінгі топта 67 пайыз некеде тұрады. Бірақ ажырасқан бай әйелдердің үлесі – 10,5 пайыз.

Жасұлан Ордабаев

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz