- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елімізде барлық оқулық...
Елімізде барлық оқулық цифрлық форматқа көшірілді
Қазақстанда мектеп оқулықтары 100 пайыз цифрлық форматқа көшірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде мектеп оқулықтарының цифрлық форматқа көшіру көрсеткіші – 100 пайыз.
Оқулықтар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешен тізіміне енгізілді.
Цифрлық оқулықтар Қазақстандағы 13 баспаның 11 платформасында әзірленіп жатыр.
"Пәндерді оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізіп, педагогтердің қолдануы үшін әдістемелік ұсыныстар әзірленді. Мұғалімдер сабақтарды заманауи цифрлық технологияларды, онлайн коммуникацияны, саралау мен даралауды пайдаланып өткізеді. Сондай-ақ онлайн ресурстарды қолдану бойынша білімін жетілдіреді", - деді ОАМ Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова.
Сондай-ақ робототехника, STEM, химия, физика, биология пәндері бойынша 1345 заманауи кабинет ашылады.
Жыл соңына дейін 20 өңірдегі 1072 мектеп заманауи кабинеттермен жабдықталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz