Елімізде 100 мыңға жуық адам банкроттыққа өтініш берген. Алайда осы уақытқа дейін олардың 11 мыңының өтініші ғана қанағаттандырылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға 97 167 өтініш түсті, соның ішінде: банкроттықтан бас тартылғандар саны - 75 889 (78 пайыз). 25 миллиард теңгеден астам сомаға 11 850 (12 пайыз) азамат банкрот деп танылды. 6 348 (7 пайыз) адамның банкроттығы рәсімделуде. 1 492 азаматтың өтініш қаралып жатыр (2 пайыз). Рәсім тоқтатылды 1 588 (2 пайыз).
Аймақ бойынша қанша адам банкроттыққа өтініш берген:
Алматы облысы - 1 578
Алматы қаласы - 1 180
Жамбыл облысы - 1 079
Астана қаласы - 1 046
Туркістан облысы - 893
Қызылорда облысы - 815
Қарағанды облысы - 647
Абай облысы - 566
Жетісу облысы - 558
Шымкент қаласы - 510
Павлодар облысы - 470
Актөбе облысы - 413
Атырау облысы - 320
Ақмола облысы - 330
ШҚО - 322
Қостанай облысы - 314
Маңғыстау облысы - 303
БҚО - 263
СҚО - 194
Ұлытау облысы - 49
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз