Келер жылы елімізде балабақшаға қабылдау тәртібі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева "Жаңа уақытқа" берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазір ата-аналар балабақшаны тұрғылықты мекенжайына байланысты таңдайды. Ал өзгерістен кейін баласын өздеріне ұнаған кез келгеніне апара алады.
Мемлекет мұны ваучерлік қаржыландыру арқылы іске асырмақшы. Яғни балаға қарастырылатын қаржы қазіргідей алдын ала емес, балабақшаға тіркеу аяқталғаннан кейін ғана бөлінеді.
"Бастама бірнеше өңірде пилоттық режимінде қолға алынды. Бұл бірінше кезекте жою үшін жасалып отыр. Мәселен, Таразда 1700 бала кезекте тұрған. Ал ваучерлік қаржыландыру арқылы бұл көрсеткіш 17 балаға дейін азайды", - деді Наталья Жұмаділдаева.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!