- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елімізде азық-түліктің қай...
Елімізде азық-түліктің қай түрі қымбаттады?
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Вагапов елімізде қандай азық-түлік қымбаттағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол азық-түлік инфляциясы жылдық мәнде 10,4 пайызға дейін баяулағанын мәлімдеді. Ұлттық банк төрағасының сөзінше, айлық мән өткен айдағы 0,3 пайыздан 0,5 пайызға дейін өсті.
"Азық-түлік тауарлары құрылымында қазанда жұмыртқа, нан, жарма, қант және тәттілер, жаңа піскен жемістер мен ет бағасы өсті. Есесіне, ірімшіктің, жаңа піскен көкөністер мен күнбағыс майының бағасы төмендеді", - деді Ұлттық банк өкілі.
Оның айтуынша, қазанда азық-түлікке жатпайтын инфляция жылдық мәнде 11,1 пайызға дейін баяулады.
"Айлық мәнде өсім - 0,8 пайыз. Қазан айында аудиовизуалды жабдықтар, отын, дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтар, киім-кешек пен аяқ киім бағасы өсті", - деді Вагапов.
Жасұлан Ордабаев
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz