- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елімізде ауасы қатты...
Елімізде ауасы қатты ластанған қалалар белгілі болды
Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Айдар Абдуалиев ауасы қатты ластанған қалаларды атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Экологиялық мониторинг нәтижелері бойынша, 45 өнеркәсіптік қала мен мегаполистердің ішіндегі 8 қалада атмосфералық ауаның ластануы жоғары деңгейге жатқызылды. Олар - Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Өскемен және Шымкент", - деді спикер ОКҚ-да өткен брифингте.
Сондай-ақ оның дерегінше, кейінгі үш жылда рұқсат етілмеген полигондар саны 38 пайызға қысқарған.
2023 жылы олардың саны 5534 болған, бүгінгі таңда полигонның 86 пайызы жойылды. Биыл 22 мамырдағы ғарыштық мониторинг деректері бойынша 275 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды.
"Қалдықтарды жинақтау, жинау, тасымалдау, есепке алу, қалпына келтіру, кәдеге жарату бойынша экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 2023 жылы жалпы сомасы 17,2 миллион теңгеге 152 лауазымды тұлға, 2024 жылы жалпы сомасы 2,5 миллион теңгеге 29 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - дейді Айдар Абдуалиев.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Ордабаев