Астана мен Петропавл арасындағы тасжол көліктің барлық түрі үшін жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
"3 желтоқсанда сағат 16:40-тан бастап Солтүстік Қазақтан облысы аумағында ауа-райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар тасжол учаскесінде көлік құралының барлық түрі үшін қозғалыс жабылды: "Астана-Петропавл" автожолы 304-341 шақырым (Көкшетау қаласы - Солтүстік Қазақстан облысы шекарасына дейін)", - деп хабарлады ведомстводан.
Көлік құралының қозғалысы екі облыстағы республикалық маңызы бар автожолдың 5 учаскесінде шектелді.
Ақмола облысы - 2 учаске
Солтүстік Қазақстан облысы - 3 учаске
Тағы да оқи отырыңыздар: Бел ауруы психосоматика бойынша нені білдіреді?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз