- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елімізде ауа райына...
Елімізде ауа райына байланысты республикалық бес тасжол жабылып, көлік қозғалысы шектеледі
Астана мен Петропавл арасындағы тасжол көліктің барлық түрі үшін жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
"3 желтоқсанда сағат 16:40-тан бастап Солтүстік Қазақтан облысы аумағында ауа-райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар тасжол учаскесінде көлік құралының барлық түрі үшін қозғалыс жабылды: "Астана-Петропавл" автожолы 304-341 шақырым (Көкшетау қаласы - Солтүстік Қазақстан облысы шекарасына дейін)", - деп хабарлады ведомстводан.
Көлік құралының қозғалысы екі облыстағы республикалық маңызы бар автожолдың 5 учаскесінде шектелді.
Ақмола облысы - 2 учаске
- Көкшетау-Рузаевка, 0-61 шақырым, Көкшетау қаласы учаскесі - Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы (жүк және қоғамдық көлік үшін);
- Астана-Петропавл, 304-341 шақырым, Көкшетау қаласы учаскесі - Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы (автокөліктің барлық түрі үшін).
Солтүстік Қазақстан облысы - 3 учаске
- Көкшетау-Рузаевка, 61-91 шақырым, Ақмола облысының шекара учаскесі - Саумалкөл ауылы (жүк және қоғамдық көлік үшін);
- Астана-Петропавл, 417-473 шақырым арасы, Рублевка ауылы учаскесі - Бескөл қаласы (автокөліктің барлық түрі үшін);
- Астана-Петропавл, 341-417 шақырым, Ақмола облысының шекара учаскесі - Рублевка ауылы (автокөліктің барлық түрі үшін).
Тағы да оқи отырыңыздар: Бел ауруы психосоматика бойынша нені білдіреді?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә