Қазақстанда әскери билеттерді беру, азаматтарды әскери есепке қою және әскери қызмет туралы мәліметтерді түзету тәртібі жаңарды. Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 21 қазандағы №1232 бұйрығы 14 қарашадан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Massaget.kz.
Құжатқа сәйкес, бейбіт уақытта әскери билеттер мына азаматтарға беріледі:
Бұдан бөлек, аудандық немесе облыстық маңызы бар қаладағы ЖӘБО әскери билеттерді мына азаматтарға береді:
Азаматтың тегі, аты, әкесінің аты, туған күні немесе туған жері өзгергені туралы мәлімет Қорғаныс министрлігінің цифрлық жүйесіне түскенде, әскери билетті жаңарту қажеттігі жөнінде хабарлама жіберіледі. Ол ұялы телефон нөміріне немесе цифрлық үкімет порталындағы жеке кабинетке келеді.
Азамат жергілікті әскери басқару органына жүгінгеннен кейін тиісті жазбалар әскери билетке бір сағат ішінде енгізіліп, елтаңбалы мөрмен куәландырылады.
Өтініш eGov.kz порталы арқылы беріледі. Қызмет тегін көрсетіледі, ал рәсімдеу мерзімі — 5 жұмыс күні. Дайын құжат өтініш берген кезде таңдалған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы арқылы табысталады.
Өтініште қате немесе дәлсіздік болса, құжаттардың нысаны мен мазмұны талапқа сай келмесе не құжаттар толық ұсынылмаса, азаматқа хабарлама жіберіледі. Кемшілікті түзетуге 3 жұмыс күні беріледі және осы уақыт ішінде қызмет көрсету мерзімі тоқтатыла тұрады. Құжаттар уақытында толықтырылмаса, қызмет көрсетуден бас тартылады.
Азаматтың әскери есепте тұрмауы да бас тартуға негіз болуы мүмкін. Ал әскери билет жоғалған немесе бүлінген жағдайда, өтінішке әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы қоса беріледі. Егер құжат азаматқа байланысты емес жағдайдан жоғалса немесе бүлінсе, уәкілетті мемлекеттік органның анықтамасы қажет.
Әскери есепке қою туралы өтініш те eGov.kz арқылы беріледі, ал нәтиже электрондық түрде рәсімделеді. Құжаттардан қате немесе толық емес мәлімет табылса, оны түзетуге 2 жұмыс күні беріледі.
Әскери қызмет туралы мәліметтерді өзектендіру кезінде жергілікті әскери басқару органында қажетті дерек болмаса, мемлекеттік органдар мен архивтерге, қажет болған жағдайда шетелдік архивтерге сұрау жіберіледі. Мұндай жағдайда қызмет көрсету мерзімі азаматқа ескертіле отырып, 90 жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.
Әскери-техникалық дайындыққа кезекке тұру үшін өтініш eGov.kz порталы арқылы беріледі. Оған медициналық куәландыру картасының электрондық көшірмесі тіркеледі. Бұл құжат әскери қызметке жарамдылық туралы қорытынды алынғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде жарамды.
Өтініш беру кезінде жүйе азаматтың белгіленген жас және жыныс талаптарына сәйкестігін тексереді. Қағида бойынша мұндай дайындыққа 24 жастан асқан азаматтар өтініш бере алады. Тексеруден кейін үміткер оқудан өтетін ұйымды таңдайды.
Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 21 қазандағы №1232 бұйрығы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң — 2026 жылғы 14 қарашада күшіне енеді. Құжат әскерге шақыруды кейінге қалдыру және әскери қызметтен босату туралы өтініштерді қарау тәртібін де нақтылайды.