- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елімізде апат жағдайында...
Елімізде апат жағдайында тұрған ЖЭО-лар қай өңірде?
Биыл 146 миллиард теңгеге жылу және электр жабдықтау нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның 16 миллиард теңгесі энергетикалық нысан иелері тарапынан бөлінсе, 20 миллиард теңге Үкіметтен бөлінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгінгі таңда ЖЭО жабдықтарының 66 пайызы тозған. Ал Орал, Степногорск, Тараз, Қызылорда, Кентау қалаларында ЖЭО тіпті сын көтермейді.
"Ондағы тозу көрсеткіші 80 пайыздан асты. Осыдан кейін күзгі-қысқы кезеңдерде штаттан тыс жағдайлардың болып қалу қаупі бар. Сонымен қатар, сектор қатысушыларына энергия өндіру нысандарына қойылатын жаңа экологиялық талаптарды да тудырады. Заң энергетиктерді екі жақтан қаржылай шығын шығатын экологиялық іс-шараны орындауға міндеттейді. Келесі жылдан бастап нысандар банктерге нысандарды пайдалануда келтірілген салдарды жою бойынша қаржылық қамтамасыз етуді ұсынуға тиіс", - делінген Энергетика министрлігінің ақпаратында.
Жасұлан Ордабаев
Тағы да оқи отырыңыздар: Азық-түліктер тез бұзылмау үшін қалай сақтау керек?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә