Елімізде алимент төлемеген 421 борышкердің көлігі арнайы тұраққа қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" арнасына сілтеме жасап.
Қазақстанда алимент өндіру ісі бойынша 292 мың атқару өндірісі орындалып жатыр. Олардың борыш сомасы 14,6 миллиард теңге жетеді.
Қазіргі таңда 7 882 алимент бойынша борышкерге Қазақстан аумағынан шығуға уақытша шектеу қойылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!