Қазақстанда 11-13 ақпан аралығында күн суық болады.
"Таймыр аудандарынан солтүстік ағындармен келетін суық ауа күннің сууына әкеп соқты. Ауа температурасы осы кезеңгі нормасына жақын. Алдағы үш тәулікте антициклонға байланысты нағыз қысқы ауа райы республиканың көптеген облысында сақталады", − дейді синоптиктер.
Мамандардың айтуынша, антициклонның бұзылуы мен оның Шығыс Сібірге жылжу шамасына қарай аяз әлсірей түседі. Температура біртіндеп көтеріліп, оңтүстікте және батыста күндіз жылымық болады.