Синоптиктер 2016 жылдың 14-16 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жасады.
"Қазақстанда, ауа-райының өзгеруі күтіледі. Өткен аптада республикамыздың шығыс бөлігіне Иран аудандарынан ыстық және өте құрғақ ауаның шығуы орын алып, бұл аумақтарда өте ыстық ауа-райы тұрды. Ал батыс бөлігіне Ресейдің еуропалық солтүстік-батыс аумағынан салқын, ылғалды ауа келді. Онымен жиі жауған жаңбырлар мен температураның әдеттегіден 2-4 градусқа төмендеуі болды. Бірақ алдағы үш күнде, атмосфералық процестердің ауысуы күтіледі. Ылғалды салқын ауа массасын әкелетін терең барийлік жыра Батыс Сібір аудандарынан бастап жылжи бастайды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, мамандардың айтуынша, республикамыздың басым бөлігінде жаңбыр, күн күркіреу, кей жерлерде бұршақ және температураның төмендеуі келеді. Ал, Қазақстанның батыс аумақтарына барийлік жал оңтүстік-батыс даласымен тропосфералық ағыстар, бұл жерлерге ыстық және құрғақ тропикалық ауа әкеледі. Сондықтан да, республикамыздың батысында жауын-шашынсыз, құрғақ ауа-райы күтіледі. Ал ауа температурасы 33-41 градусқа дейін жоғарылайды.
Дереккөз: kaztengrinews.kz