- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елімізде 8 баласы...
Елімізде 8 баласы бар отбасыға қанша төленеді?
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 538,3 мың отбасы жалпы сомасы 101,1 миллиард теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде наурызда 544,3 мың отбасына 34,3 миллиард теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасыларындағы:
- 4 баласы бар отбасыларға - 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;
- 5 балаға - 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;
- 6 балаға - 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;
- 7 балаға - 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;
- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға - әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде.
Еске салайық, көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5 пайызға артты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек