- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елімізде 7 туроператордың...
Елімізде 7 туроператордың қызметі уақытша тоқтатылды
Қазақстанда 7 туроператорының лицензиясы уақытша тоқтатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті өкілдері мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп жетекшілік ететін салаларда қызмет түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензияларды тоқтату немесе кері қайтарып алу жөнінде жұмыс істеп жатыр.
"Туристік Қамқор" корпоративтік қоры мәліметінше, бірнеше туроператорының лицензиясы тоқтатылды:
- ЖШС Hajar.travel, БСН 220440022505, 16.11.2022 ж. № 22021332 лицензия Алматы қаласы туризм басқармасымен;
- Tanym Group ЖШС, БСН 220840042356, 26.01.2023 ж. 23002555 лицензия Алматы қаласы туризм басқармасымен;
- B&K Travel KZ ЖШС, БСН 170340030664, 03.08.2017 ж. № 17013918 лицензия Алматы қаласы туризм басқармасымен;
- "ТВВ тур" ЖШС, БСН 970840000415, 10.09.2019 ж. № 19018684 Алматы қаласының туризм басқармасы;
- LS tour kz ЖШС, БСН 180940004773, 18.09.2018 ж. № 18017327 лицензия Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен;
- "Бархатный сезон" ЖШС, БСН 110640003256, 11.02.2022 ж. № 22002714 лицензия Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен;
- Sultan Hajj Travel ЖШС, БСН 160340008324, 14.02.2023 ж. № 23004269 лицензия Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен шаралар қабылданды.
Бұл туроператорлар қызметтің тиіс түрін жүзеге асыру құқығынан уақытша айырылды, өйткені Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектілері ретінде "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-3-бабында көзделген міндеттемелерді орындамаған немесе оларды тиісінше орындамай отыр.
"Қазір "Е-лицензиялау"(e-licence.kz) мемлекеттік базасы" ақпараттық жүйесіне сәйкес лицензиялардың және, тиісінше, бұл туристік компаниялардың лицензияларына қосымшалардың қолданылуы 6 ай мерзімге тоқтатылды. Бұл ретте, егер анықталған бұзушылық жойылмаса, көрсетілген мерзім жаңа кезеңге ұзартылатын болады", - деді ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек