Елімізде 6 мыңға жуық өзбекстандық білім алып жатыр - Президент

Елімізде 6 мыңға жуық өзбекстандық білім алып жатыр - Президент
Фото: Telegram/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 6 мыңға жуық өзбекстандық студент оқып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент қос елдің жастарын жақындата түсетін маңызды бастамалар талқыға салынғанын атап өтті.

"Жыл сайын жастардың конгресін өткізу дәстүрге айналған. Қазір Қазақстанда Өзбекстаннан келген 6 мыңға жуық студент оқып жатыр. Қазақ жастары да Өзбекстанның жоғары оқу орындарында білім алып жүр. Бүгін Өзбекстанның Шыршық қаласында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филлиалы ашылды. Алматыда "Ташкент ирриграция және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты" филиалы өз жұмысын бастады. Біз осы оқу орындарды салтанатты түрде аштық", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы Ақордада Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездескен еді.

Сондай-ақ жиында Қазақстан тарапы көрші елмен өзара байланысты нығайта түсуге ниетті екені хабарланды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Есен