Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елімізде 5G интернет желісі енгізілген жағдайда байланыс операторлары тарифті қымбаттататынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналистер Үкімет өкілінен Қазақстанда 5G интернет желісі енгізілген жағдайда байланыс операторларында қандай өзгеріс болуы мүмкін екенін сұрады.
"Әрине, кез келген нарықта қызмет ететін оператордың өз тарифі болады. Қазір Алматыда қосылып жатқан локациялардан ешқайсы арнайы тарифтерді 5G-ге қоса қойған жоқ. Алайда әрбір оператордың нарыққа сай өз ұсыныстары бар. Сондықтан олар өз өнімдерін сараптап, жариялайды", - дейді Бағдат Мусин.
Азамат Қойшығара
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!