Елімізде 4000-ға жуық мұғалім жетіспейді

Елімізде 4000-ға жуық мұғалім жетіспейді , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24kz телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, Қазақстанда 500 мың мұғалім бар. Олардың 350 мыңы мектептерде жұмыс істейді.

Ал қалғаны кәсіби және жоғары білім беру орындарында қызмет етеді. Дегенмен орта білім ошақтарына әлі 4 мыңға жуық маман жетіспейді. Олар – математика, физика, ағылшын тілі, орыс тілі және әдебиеті пәндері мен бастауыш сынып мұғалімдері.

Мемлекет мәселені, біліктілігі жоғары ұстаздарды аймақтарға бағыттаумен, педагогикалық мамандықтарға өңірлік грант ұсынумен шешуге тырысып жатыр. Сонымен қатар мамандығы басқа кадрларды мұғалімдікке тарту жобасы қолға алынған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз