Бас прокуратура өкілдері қанша қазақстандық іздеуде жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша, қазір 10 178 адам іздеуде жүр, олардың 2 098 хабар-ошарсыз жоғалғандар.
Жоғалған адамдардың көбі:
Көбіне 30-дан 49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады. Сондай-ақ, елде тергеу мен соттан жасырынған 2 378 адам іздестіріліп жатыр.
Іздеуде жүргендер - негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар.
Олардың ең көп саны алаяқтық (526), ұрлық (309) және адам өлтіру (143) дерегі бойынша :
Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүзеге асыратынын еске саламыз.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!