- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Елімай-2019" қаржы пирамидасын...
"Елімай-2019" қаржы пирамидасын ұйымдастырған ерлі-зайыпты бас бостандығынан айырылды
"Елімай-2019" ТК ұйымдастырушылары қаржы пирамидасын құрғандары үшін бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті "Елімай-2019" тұтыну кооперативі қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары 2019-2021 жылдар аралығында қайтарымсыз қарыз беру түрінде 3 мыңға жуық салымшының 1,5 миллиард теңгеден аса қаражатын заңсыз иемденгенін анықталды.
Жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу мақсатында тергеу басырында қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларына тиесілі құны 1,2 миллиард теңге мүлік анықталып, мүлікке және 129 миллион теңгеге шектеу қойылды.
Сот үкімімен қаржы пирамидасын ұйымдастырушы ерлі-зайыптыға 6 және 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Шектеу қойылған мүлік жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеуге жұмсалатын болады.
Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасын құру, басшылық ету және жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік көзделетінін ескертеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек