"Елге таныла алмай жүрген дарындылар көп екен ғой". 3 минутта лағман қамырын созған жігіт Қазнетті таңғалдырды

Әлеуметтік желіде Жанарыс есімді жігіттің лағман қамырын созған видеосы тарап кетті. Жігіттің ептілігі көпшілікті тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жігіт видеода әртүрлі тағамға арналған қамыр созып көрсетеді. Бұл видео Тiktok-та 10 мыңға жуық қаралым, 3 мыңнан аса пікір жинаған. 

@zhanarisss #funny #рек ♬ оригинальный звук - Лапшичник Бала 👦🏽👨‍🍳

"Бұл шеберлік пе, өнер ме, білмеймін. Бірақ мықтысың", "Қолың дерт көрмесін", "Осындай өнерлі жастарды қолдау керек", "Ер жігітке жеті өнер де аз", "Ел ішінде өнер бар, өнерді тапқан шебер бар" демекші елге таныла алмай жүрген дарындылар көп-ақ екен", - деп жазған Желі қолданушылары.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!