Елге Ираннан 27 көне қолжазбаның көшірмелері әкелінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Құнды құжаттар ХVІІІ ғасырдағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен сыр шертеді. Сондай-ақ сол уақыттағы Қазақ хандығы мен Иран мемлекетінің саяси, экономикалық байланысы жайында жазылған. Құнды деректер бас қалада өткен "Ұлы Дала тарихы Иран деректерінде" атты көрмеде таныстырылды. Тарихи жәдігерлердің көшірмесі Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығына тапсырылды. Алда аударма жасалып, қос елдің тарихи қатынасы зерттеледі.
"Иранға бұрын көп ғалым барды. Бірақ бұл мағлұматтар кітапханада, архивте қолжетімсіз болды. Ал бүгінде қолжетімді электронды нұсқасын алып, ғылыми айналымға қосу жұмыстары басталады. Иран президенті тапсырған үлкен қорды екі елдің арасында қарым-қатынасының нығаюына септігін тигізетін үлкен жаңалық және де жетістік деп айтуға болады", - деді Ұлттық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығының директоры Жандос Болдықов.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!