Елена Рыбакинаның Монреальдағы матчы жыл үздіктерінің қатарына енді

Елена Рыбакинаның Монреальдағы матчы жыл үздіктерінің қатарына енді
Фото: tennis.com

Беделді Tennis.com сайты 2023 жылдың үздік кездесулер тізімін жариялады. Үздік кездесулер қатарында Елена Рыбакинаның матчы да бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елена Рыбакина Монреалдағы турнирдің ширек финалында ресейлік Дарья Касаткинамен кездескен болатын. 

Аталған матч 5:7, 7:5, 7:6 (10:8) есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды. 

2023 жылғы ең үздік матчтардың көшін Уимблдон финалында кездескен Карлос Алькарас пен Новак Джокович матчы бастап тұр. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан