Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакинаның жаңа бапкері кім екені белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Қазақстанның бірінші ракеткасы Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өтіп жатқан WTA финал турнирі басталар алдындағы баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Иванишевич Рыбакина командасына Сауд Арабиясындағы финал турнирден кейін қосылады.
Иванишевич Новак Джоковичтің командасына 2019 жылдың жазында қосылды және олар биыл наурызда енді бірге жұмыс істемейтінін айтты. Осы уақыт ішінде Джокович 9 "Үлкен дулыға" турнирінде жеңіске жетіп, осы көрсеткіш бойынша үздіктер тізімінде Рафаэль Надальді басып озды. Қазір Джоковичте 24 "Үлкен дулыға" бар.
Ойыншы ретінде Иванишевич 2001 жылы Уимблдонда "Үлкен дулыға" жеңіп алды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!