Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаға АҚШ ашық чемпионатындағы матчынан кейін қарсыласы Марта Костюк ерекше өтініш жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Sport-қа сілтеме жасап.
24 жастағы қазақстандық теннисші Нью-Йоркте (АҚШ) өтіп жатқан "Үлкен дулыға" турнирінде украиналық қарсыласын ұтып, қол алысу кезінде Костюк Рыбакинаға өтініш жасады.
"US Open-де жеңіп шықшы, өтінемін", - деді Марта Костюк матчтан кейін.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open турнирінің келесі кезеңінде аустралиялық Айла Томляновичпен кездеседі. Ойын 30 тамыз күні өтеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз