Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы хард турнирінің үшінші айналымында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған және турнирде екінші нөмірмен тіркелген Рыбакина үшінші айналымда әлемнің 31-ракеткасы америкалық Энн Лимен кездесті.
Екі сетке созылған матч қазақстандық теннисшінің 6:2, 7:5 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Теннисшілер кортта 1 сағат 28 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена екі эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және алты брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.
Ширек финалға шығу үшін Рыбакина австралиялық Майя Джойнт пен Людмила Самсонова арасындағы кездесудің жеңімпазымен сынға түседі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz