Елена Рыбакина "Ролан Гарростың" екінші айналымына өтті

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатының алғашқы айналымында WTA рейтингінде 85-орында тұрған бельгиялық Грит Минненмен кездесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық теннисші қарсыласын екі сетте 6:2, 6:3 есебімен ұтты. Елена Рыбакина биыл осымен топырақ төсенішінде 10 матч өткізіп, оның тоғызында жеңіске жетіп отыр.

Енді Рыбакина French Open турнирінің екінші айналымында германиялық Анжелик Кербермен немесе Нидерланд теннисшісі Аранча Руспен кездеседі..

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз