- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елена Рыбакина Римдегі...
Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турниріне қатысудан бас тартты
Фото:
WTA
Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Италия астанасы Римде өтіп жатқан WTA 1000 турниріне қатысудан бас тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Биыл Римдегі турнирден бас тартуға мәжбүр болғаныма қынжыламын. Өкінішке қарай, жарысқа қатысатындай күйде емеспін. Өткен жылғы турнирден жақсы естеліктер қалды. Мен өз атағымды қорғауды асыға күттім. Рим — мен үшін ерекше қала. Келесі жылы титулды қайта алатын және италиялық жанкүйерлер алдында ойнайтын сәтті асыға күтемін", - деді Елена.
Рыбакина – турнирдің қазіргі чемпионы. Ол румыниялық Ирина Бегумен алғашқы кездесуін өткізуі керек еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан