Елена Рыбакина ресейлік теннисшіден төртінші рет жеңілді

Елена Рыбакина ресейлік теннисшіден төртінші рет жеңілді
Фото: China Open

Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Бейжіңдегі WTA 1000 сериясындағы турнирдің жартылай финалындағы матчын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық теннисші әлемнің 22-ракеткасы, ресейлік Людмила Самсоновамен ойнап, қарсыласынан 7:5, 6:3 есебімен екі сетте жеңілді.

Елена Рыбакина матчта төрт эйс пен төрт қос қате жасады. Үш брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланды. Ал ресейлік теннисші жеті эйс пен төрт қос қате жасады. Ол бес брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды.

Айта кетейік, теннисшілер осымен төртінші рет кездесті, төртеуінде ресейлік жеңіске жетті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лес
Logotype Massaget