Желіде теннисші Елена Рыбакинаның Олимпиадаға қатыса алмағаны үшін халықтан кешірім сұраған видеосы тарады. Баян Мақсатқызы бұл оқиғаға қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мен Еленаның не үшін Қазақстан халқынан кешірім сұрауы керек екенін түсінбеймін! Өзін нашар сезінгені үшін бе? Мен Еленаға зор денсаулық және болашақтағы карьерасында жеңіс тілеймін", - деп жазды продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске сала кетейік, Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартқан болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!