Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина азаматтығы туралы сұраққа ашық жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Журналистер баспасөз конференциясы барысында спортшыны Уимблдон турниріндегі тарихи жеңісімен құттықтап, азаматтығы туралы мәселеге нүкте қоюын сұрады.
Елена Рыбакина құжаттарын көрсетті.
"Әрине, төлқұжатым бар. Бүгін таңертең премьер-министрмен кездестім. Сондықтан міне, барлық дәлел", - деді спортшы.