Елена Рыбакина қазақстандық жанкүйерлерге алғыс айтты

Елена Рыбакина қазақстандық жанкүйерлерге алғыс айтты
Фото: ktf.kz

Әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина қазақстандық жанкүйерлерге алғысын айтты.

Қазақстандық теннисші Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінде өзін қолдаған барша жанкүйерге ризашылығын білдірді. 

Баршаңызға, әсіресе, қазақстандық жанкүйерлерге мың алғыс. Сіздердің хабарламаларыңызды оқу, әлемнің түрлі елдерінде мінбелерден жанкүйерлерімді көру – маған ерекше қуаныш сыйлайды, - деп жазды Рыбакина Instagram желісіндегі парақшасында.

Елена Брисбен жарысының финалында әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы жеңіп, WTA додаларындағы алтыншы титулына қол жеткізген болатын.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай