Елена Рыбакина жылдың қорытынды турниріндегі екінші матчта да ұтылды

Елена Рыбакина жылдың қорытынды турниріндегі екінші матчта да ұтылды
Фото: instagram.com/lenarybakina

Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінде екінші матчын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл жолы әлемнің жетінші ракеткасы, қытайлық теннисші Чжэн Циньвэньмен ойнады.

Елена Рыбакина қарсыласынан 6:7 (4), 6:3, 1:6 есебімен жеңіліп қалды.

Қазақстандық теннисші 2,5 сағатқа созылған матч кезінде сегіз эйспен бірге алты брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Ал оның алты эйс, 13 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.

Енді Рыбакина өз тобындағы соңғы кездесуін әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен өткізеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лес
Logotype Massaget