Елена Рыбакина жанкүйерлерін жаңа фотосымен қуантты

Елена Рыбакина жанкүйерлерін жаңа фотосымен қуантты
Фото: instagram.com/lenarybakina

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина әлеуметтік желіде шомылатын киіммен түскен фотосын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол Instagram-дағы сторисіне Бодрумда (Түркия) түскен суретін салды. Онда қазақстандық теннисші шомылатын киіммен қолына қарбыздың бір бөлігін ұстап алған.

Еске салайық, Елена Рыбакина Уимблдонның жартылай финалына дейін жетіп, онда осы турнирдің чемпионы атанған чехиялық Барбора Крейчиковадан ұтылып қалды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан