Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Штутгартта өтіп жатқан WTA 500 - Porsche Tennis Grand Prix турнирінің жартылай финалына шықты.
Елена ширек финалда әлемнің 14-ракеткасы Жасмин Паолиниді (Италия) жеңді. Есеп – 6:3, 5:7, 6:3. Ойын 2 сағат 10 минутқа созылды.
Қазақстандық теннисші мансабында алғаш рет Штутгарттағы жарыстың жартылай финалына шықты. Осыған дейін екі рет екінші айналымда қарсыласына жеңіліп қалған еді.
Жартылай финалда Рыбакина Ига Швентек (№1, Польша) және Эмма Радукану (№303, Ұлыбритания) арасындағы ойын жеңімпазымен кездеседі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!