Елена Рыбакина WTA рейтингінде бір саты төмендеді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) рейтингінде бір саты төмен сырғыды, - деп хабарлайды massaget.kz

Жаңарған рейтингте Елена 6-дан 7-орынға төмендеді. Оны америкалық теннисші Джессика Пегула басып озды. Ол жақында ғана Аделаидада өткен турнирдің финалына дейін жеткен еді. 

Алғашқы үштікте өзгерістер жоқ. Арина Соболенко (Беларусь) – көш басында, одан кейінгі орындарда Ига Швентек (Польша) пен Кори Гауфф (АҚШ) келеді. 

Айта кетейік, Елена Рыбакина ертең Аустралия ашық чемпионатындағы ойынын бастайды. Алғашқы кездесуі аустралиялық Эмерсон Джонсқа қарсы өтеді.