Елена Рыбакина Australian Open жарысының ширек финалына шыға алмады

Елена Рыбакина Australian Open жарысының ширек финалына шыға алмады
Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына шыға алмады, - деп хабарлайды massaget.kz сайты. 

Елена 1/8 финалда америкалық Мэдисон Кизге (WTA - 14) есе жіберді. 1 сағат 50 минутқа созылған ойында қарсыласы 1:2 (3:6, 6:1, 3:6) есебімен жеңіске жетті. Нәтижесінде Мэдисон өзара кездесуде 3:2 есебімен алға шықты.

Айта кетейік, Елена қазақстандық теннисшілер арасында жарысты жалғап келе жатқан жалғыз теннисші болатын.

О. Сансызбай
Logotype Massaget