Қазақстанның бірінші ракеткасы Аустралия ашық чемпионатын сәтті бастады. Бірінші ойында қарсыласын айқын басымдықпен ұтып шықты, - деп хабарлайды massaget.kz.
Елена алғашқы айналымда 16 жастағы аустралиялық Эмерсон Джонспен кездесті. Ойын бар болғаны 54 минутқа созылып, қазақстандық теннисші екі сетте де 6:1 есебімен жеңіске жетті.
"Қарсыласыңды білмеген кезде, өзіңе назар аударуға тырысасың. Мен өзімнің ойынымда допты ойынға қосу үлкен рөл атқаратынын білемін. Сол себепті осыған назар аудардым. Оның соққыларына үйрену үшін маған бірнеше гейм қажет болды. Ол өте жас, өте дарынды. Оның болашағы зор", - деді Рыбакина ойыннан кейін.
Айта кетейік, ерлер арасында Александр Бублик пен Александр Шевченко жарысты бірінші айналымда аяқтады. Жұптық сайыс бойынша жарыста бағын сынап көретін болады. Ал Юлия Путинцева бірінші кезеңде Элина Аванесянмен ойнайды.