Гарвард Университетінің Voxel8 командасы кәдімгі жұмыс істейтін электромеханикалық бөлшектерді шығара алатын 3D-принтер құрастырды. Құрылғы электронды компоненттерді қалыпты деңгейде шығару үшін арнайы бағдарламалық қамтумен жұмыс істейді. Расында Voxel8 принтері 3D-басылымдар арасында үдеріс жасайтын, әзірге аналогы жоқ өнім болып отыр.
Voxel8 инженерлері құрастырған өнімін АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен CES халықаралық техно көрмесінде көпке бірдей таныстырды. Жаңа принтердің құрылымының өзге де 3D-принтерлерден айырмашылығы жоқ. Сонымен қатар, гарвардтық принтер электронды компоненттердің негізін университет зертханасында дайындалған арнайы күміс пастаның көмегімен жасайды.
Ал өнімнің бағдарламалық қамтуын сәулетшілер мен инженерлерге арналған дербес компьютер шығарумен айналысатын Autodesk компаниясы жасаған. Бұл үлкен қолдау Voxel8 жоспарының жүзеге асыуына негіз болды.
Принтердің ең бір ерекшелігі басқа бөлшектерге де қажет орынды қалдырып жасай алуы. Дайын болған компоненттерді платформаға орнату жолы да айқын көрсетіледі. Тіпті басып шығару процесін уақытша тоқтатып, сосын оны кезі келгенде жалғастыруға мүмкіндігі бар.
Voxel8 инженерлерінің 3D-принтері көрмеге таныстырылғаннан кейін бірден сатылымға шыққан. Оның бағасы 9000 АҚШ долларын құрап отыр. Жаппай шығарылым 2015 жылдың екінші жартысына жоспарланғанымен, алдын ала тапсырыс беруге болады.
Сурет: cdr.cz
Оқи отырыңыз:
Samsung Windows смартфондарына көңіл бөлмек
CES 2015. E-Ink – түсін өзгерте алатын электронды түсқағаз
CES 2015. Балаларға арналған ең үлкен планшет таныстырылды
CES 2015. Әлемдегі ең кішкентай компьютер таныстырылды
Марк Цукерберг жыл сайын өзіне уәде беріп келеді