Электрон білезігін шешіп тастаған сотталушы бас бостандығынан айырылды

Электрон білезігін шешіп тастаған сотталушы бас бостандығынан айырылды
Фото: Tengrinews.kz

Ақмола облысында электрондық бақылау құралын заңсыз алып тастағаны үшін сотталғанның жазасы бас бостандығынан айыру түріне ауыстырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бурабай ауданы прокуратурасының өтініш хаты бойынша апелляциялық сатыдағы сотпен сотталған азаматтың жазасы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылды.

Сотталған бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеу кезінде электронды бақылау құралын рұқсатсыз кесіп, мінез-құлқы туралы есеп беру үшін ай сайын тіркелуге келмеген, сондай-ақ ол пробация қызметінің инспекторына жұмысқа орналасқанын айтып, жаңылыстырып келген.
 
Алдағы уақытта сотталған енді қалған мерзімін бас бостандығынан айыру орындарында өткізеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина