- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Электрик, заңгер, футболшы"....
"Электрик, заңгер, футболшы". Президенттердің алғашқы мамандығы қандай болған?
Ел басшылығына келген адамдардың мамандығы қандай? Massaget.kz тілшісі әлем елдері президенттерінің мамандықтарына шолу жасады.
Шавкат Мирзиеев - инженер-механик
Өзбек елінің басшысы Шавкат Мирзиеевтің мамандығы - инженер-механик. 1981 жылы ол Ташкенттегі ауыл шаруашылығы ирригациялары мен механизациясы институтын тәмамдаған.
Сол жылдан 1992 жылға дейін институтта бастапқыда кіші ғылыми қызметкер болып, кейін техника ғылымдарының кандидаты дәрежесін алады. Оның институтта атқарған ең жоғарғы қызметі бірінші проректор болды.
Садыр Жапаров - колхоз жұмысшысы
Садыр Жапаров Қырғыз Республикасының 2021 жылдың 28 қаңтарынан бастап 6-шы президенті. 1968 жылы 6 желтоқсанда Ыстықкөл облысы, Түп ауданы, Кең-Суу шағын ауылында дүниеге келген. Орта мектепте 1987 жылға дейін, мектепте оқумен қатар, "Санташ" колхозында жұмысшы болып жұмыс істеді.
Садыр Жапаров
Орта мектепті бітірген соң, Фрунзе қаласындағы Қырғыз мемлекеттік дене шынықтыру институтына оқуға түседі. 1987 жылы Кеңес әскері қатарында қызмет етуге шақырылды. Әскердегі қызметі кезінде ол кіші сержант атағын алды, "Кеңес армиясының үздігі" белгісімен марапатталды. 1989 жылы армиядан оралғаннан кейін ол институтта оқуды жалғастырды, оны 1991 жылы "жаттықтырушы" мамандығы бойынша үздік бітірді. 1995 жылға дейін ол "Санташ" шаруа қожалығында қарапайым жұмысшы болды.
Владимир Путин - заңгер
Ал Ресей президенті Владимир Путин бала кезінен тыңшылар туралы кеңес филмьдерін көріп өсіп, мемлекеттік қауіпсіздік органдарында жұмыс істеуді армандаған. 1977 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдаған оның қорғаған диплом тақырыбы - "Ең қолайлы ұлттың принципі" болды.
КГБ офицерінің жеке файлынан алынған фотосурет
Осыдан кейін ол Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Ленинградтағы басқармасының тергеу бөлімінде қызмет етті. Путиннің КГБ-ның Дрездендегі резидентурасында бес жыл қызмет еткенін де айтып өтейік.
Эмомали Рахмонов - электрик
Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонов орта мектепті тәмамдағаннан кейін Хатлон облысы Калининабад аудандық №40 кәсіптік-техникалық училищесіне оқуға түседі. Оқу орнын аяқтаған ол Қорғантөбедегі май зауытында электрик болып жұмыс істейді, кейін 70-жылдардың басында әскерге шақырылып, Тынық мұхиты флотында матрос болып қызмет етеді.
Бұдан кейін ол саудагер де болып нәпақа тапқан. 1982 жылы Рахмонов Тәжік мемлекеттік университетінде оқып шығады.
Илхам Әлиев - мұғалім
2003 жылдан бері Әзірбайжанды басқарып келе жатқан Илхам Әлиев Мәскеу Мемлекеттік Халықаралық Қатынастар Институтынды оқып, 1985 жылы тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған.
Сөйтіп, ол Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының профессор-оқытушылар құрамында болған. 1991 жылға дейін өзі оқыған институтта мұғалім болып келген ол жеке бизнеспен айналысуға көшкен.
Джордж Веа - техник, футболшы
Либерия президенті Джордж Веа Еуропаға кеткенге дейін Либерия телекоммуникациялық корпорациясында телефон коммутаторында техник болып жұмыс істеген.
1995 жылы ол ФИФА нұсқасы бойынша үздік ойыншы, Еуропаның үздік ойыншысы және африкалық үздік ойыншы атақтарын жеңіп алған. Әлем чемпионатына қатыспаған, бірақ Алтын доп иеленген екі адамның бірі болған ол карьерасын аяқтағаннан кейін ел басқару ісіне көшкен.
Алайда ол карьерасын аяқтағанына 15 жыл болса да Либерия құрамасының жолдастық кездесулерінде алаңға шығып жүр. Мәселен, ұлттық құрама сапындағы соңғы матчын ол өткен жылы, 2018 жылдың қыркүйегінде өткізген.
Қасым-Жомарт Тоқаев - дипломат
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1970 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына түсті. 5-курста КСРО-ның ҚХР-дағы Елшілігіне диплом алдындағы жартыжылдық тағылымдамаға жіберілді.
1975 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігіне жұмысқа кірісіп, Сингапур Республикасындағы кеңестік елшілікке жолданды. 1979 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің аппаратына қайта оралып, 1983 жылы Пекин лингвистикалық институтындағы 10 айлық тіл курстарына қатысу үшін Қытай Халықтық Республикасына аттанды.
1984-1985 жылдары КСРО Сыртқы істер министрлігінде қызметте болды. Одан кейін Пекиндегі кеңестік елшілікке жолданып, онда 1991 жылға дейін екінші хатшы, бірінші хатшы және кеңесші лауазымдарын атқарды.
Джо Байден - адвокат
Джозеф Робинетт (Джо) Байден 2021 жылдан бастап АҚШ-тың 46-шы Президенті. Байден 1942 жылы Пенсильвания штатының Скрэнтон қаласында дүниеге келді, Делавэрке отбасымен көшер алдында он жыл бұрын сонда тұрды.
1969 жылы қорғаушы болды, 1970 жылы Нью-Кастс штатының кеңесіне сайланды. Ол 1972 жылы Сенатқа алғаш рет сайланып, АҚШ тарихында алтыншы - ең жас сенатор болды. Байден Конгресс алты есе жоғарғы палатасына сайланды, 2009 жылы вице-президентті қабылдау үшін оның орнынан түсуі кезінде сенатордың төртінші басшысы болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина