Желіде электр шәйнектегі су денсаулыққа зиян екені туралы жазба тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол жазбада электр шәйнегінде қайнатылған судан адамның жүйке жүйесі бұзылып, қатерлі ісік ауруы тууы мүмкін екені жазылған.
Сондай-ақ тараған ақпаратта тот баспайтын болаттан жасалған электр шәйнегінде қайнатылған су балалардың интеллектінің төмендеуіне себеп болатыны, мұндай материалдан жасалған шәйнектердің жартысынан көбі денсаулыққа байланысты проблемаларға әкелетіні айтылған. Себебі, оларды жасау үшін құрамында марганеці жоғары болат пайдаланылады екен.
Ал бірқатар металлург маман нарықта сатылатын арзан тот баспайтын болаттан жасалған шәйнектер құрамында жоғары марганец болат болуы мүмкін екенін, бірақ жоғары сапалы тот баспайтын болаттан жасалған шәйнектер сапа бақылауынан өтіп, адам денсаулығына қауіп төндірмейтінін айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!