Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға жер сілкінісіне байланысты кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадамды ұсынды:
- Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
- Жер сілкінуі кезінде лифт және баспалдақты қолданбаңыз;
- Жиhаздан, терезеден ары тұрыңыз;
- Жасырынатын жерді табыңыз, жоғары қабаттарда іргедегі қабырғалардың бұрышына жасырыныңыз;
- Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
- Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңіз болса өшіріңіз;
- Дабыл сөмкесін алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
- Электр желілеріне, ғимарат, ағаштарға жақындамаңыз;
- Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
- Қарттарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Еске салайық, кеше түнде Алматы мен Талғар тұрғындары жер сілкінісін сезгені хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз