“Электр желілеріне жақындамаңыз“: жер сілкінісі кезінде не істеу керек?

“Электр желілеріне жақындамаңыз“: жер сілкінісі кезінде не істеу керек?
Фото: depositphotos.com

Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға жер сілкінісіне байланысты кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадамды ұсынды:

  • Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  • Жер сілкінуі кезінде лифт және баспалдақты қолданбаңыз;
  • Жиhаздан, терезеден ары тұрыңыз;
  • Жасырынатын жерді табыңыз, жоғары қабаттарда іргедегі қабырғалардың бұрышына жасырыныңыз;
  • Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
  • Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңіз болса өшіріңіз;
  • Дабыл сөмкесін алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  • Электр желілеріне, ғимарат, ағаштарға жақындамаңыз;
  • Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
  • Қарттарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Еске салайық, кеше түнде Алматы мен Талғар тұрғындары жер сілкінісін сезгені хабарланды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget