Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Нұрлан Қоянбаевтың "Түнгі студия" бағдарламасында қонақта болып, жұлдыз ауруымен ауырмайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жүргізуші Олимпиада чемпионы атанған спортшыдан елге келген соң халықтың құрмет-қошеметін қалай қабылдап жатқанын сұрады. Ал Елдос Сметов бұл сұраққа балалық шағында көп қиындық көргендіктен асқақтап кетпеуге тырысатынын айтып, ашық жауап берді.
"Мен жұлдыз ауруымен ауырмаймын. Себебі балалық шағымда көп қиындық көрдім. Әкем ауылдан қалаға барып құрылыста жұмыс істеді. Анам үй шаруасында болды. Кейде анам басқалардың үйін тазалап, ақша тауып жүргенін де өз көзіммен көріп өстім. Нанға ақша таппай отырған кездеріміз де болды. Бұл сәттерді ұмытып, баршылыққа мастанып кетсем, бұл менің надандығым болады деп ойлаймын. Бұл жағдайлар маған бір жағынан мотивация болды. Біз барлық сынақтардан өттік, олар мені қолдағы барымды бағалай білуге және ата-анама лайықты өмір сүруге ұмтылуға үйретті", - деп ағынан жарылды ол.
Еске салайық, жақында Елдос Сметов танымал әнші Балжан Бидаш пен продюсер Нұрлан Қоянбаев жүргізген "Түнгі студия" бағдарламасына қонақ болған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!